{metadescription}
Алматыда дәрігерлердің жұмысына көңілі толмайтын тұрғындар саны жылдан жылға артып барады
Алматыда дәрігерлердің жұмысына көңілі толмайтын тұрғындар саны жылдан жылға артып барады

Алматыда дәрігерлердің жұмысына көңілі толмайтын тұрғындар саны жылдан жылға артып барады

2016 жылы прокуратураға осы тұрғыда 500-ден астам арыз түскен. Шағымданушылардың басым бөлігі ақ халаттылардың өз жұмысына салғырт қарайтынына, онымен қоймай пара алатынына және емдеу мекемелеріндегі тазалықтың сақталмайтынына наразы.

Бірақ прокурорлар тығырықтан шығудың жолын таптық деп отыр. Олар енді бар мәселені сайт арқылы шешіп көрмек. Бүгін сол жаңа интернет-портал таныстырылды. Әзірге, almatymed.kz сайтында қаладағы емдеу мекемелері мен дәрігерлердің тізімі ғана бар. Бірақ болашақта бұл нағыз пікір-сайыс алаңына айналуы керек. Тұрғындардың сайтқа қалдырған жазбасына қарап дәрігерлердің, ауруханалардың рейтингі шығарылады. Ал құзырлы орган түскен шағымдар бойынша тексеріс жүргізеді. Сондай-ақ, 30-00-103 телефон нөмірі арқылы кез-келген суалға жауап алуға болады екен.

Жандос Өмірәлиев, Алматы қаласы прокурорының орынбасары:

-Бұл, әрине, тек қоғамға емес, сондай-ақ мемлекеттік, мемлекеттік емес, медециналық  мекемелерге де көп көмегі болар еді. Олар осы порталда көрсетілген сын-ескертпелерді ескере отырып, жұмысын одан әрі жетілдіруге септігін тигізеді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде