{metadescription}
Шымкентте қалаға қосылам деп құжатсыз қалған ауыл жұрты шу шығарды
Шымкентте қалаға қосылам деп құжатсыз қалған ауыл жұрты шу шығарды

Шымкентте қалаға қосылам деп құжатсыз қалған ауыл жұрты шу шығарды

2 жыл бұрын Шымкенттің құрамына енген Тоғыс жұртының содан бері жылжымайтын мүлігін растайтын қағазы жоқ. Бұрын ол Төлеби ауданына қарасты болған.  Кейін қалаға қосқан кезде билік жұрттың үйі мен жерінің құжатын ауыстыруды ұмытып кетіпті. Енді не баспанасын сата алмай, не балабақша мен емханаға тіркеле алмай сабылған ел тіпті жәрдемақыдан да қағылған. 

Айрандай ұйыған Тоғыс ауылының шырқы екі жыл бұрын бұзылды. Төлеби ауданына қарасты ауылды Шымкентке қосқалы бері мұндағы жұрт үйі мен жерінің құжатын ауыстыру керек болған. Бірақ ескі құжат жарамсыз деп танылып, ал жаңасы сол күйі жасалмай қалыпты. Осының кесірінен тұрғындар үй сатып, несие рәсімдемек түгілі бала-шағасын емхана мен балабақшаға тіркете алмай сандалып жүр.

Дариға Ыбырайымбекова, Шымкент қаласының тұрғыны:

-Қаншама жеңілдіктен қалып жатырмыз. Дүниеге сәбилер келіп жатыр. Оған ақша ала алмаймыз. Тіркеу керек. Құжат ауыстыру керек.

Ұмыт қалған ауылдағылар өз беттерінше құжат рәсімдеп, тіркеуге тұрмақшы болғандарымен, нәтиже жоқ. Халыққа қызмет көрсету орталығы жер комитетіне сілтеп, олар тағы басқа жаққа сандалтқан.Ал қала билігі Тоғыс тұрғындарының дауынан хабардар. Шымкентке қосылған ауыл жұртына екі жыл бұрын тиісті мамандар барған дейді. Бірақ жұртқа нақты не көмек көрсетілгенін білмейді.

Досалы Амангелдиев, Еңбекші ауданы әкімінің орынбасары:

-2007-2008-де легализациядан өткен құжаттар  шикілеу болып жатыр дейді. Осыған байланысты кадастр мекемесінде түсінбеушіліктер бар. Оны тұрғындар жеке шешіп жатыр.

Әр есікті жағалап, құжат рәсімдей алмай шаршаған елге екі жыл жоламаған әкім-қаралар енді өздері бармақ. Тиісті мекемелерден мамандар шақырып, жұрттың шағымын өз аузынан естиміз деген шенеуніктер, мәселені шешеміз деп уәде берді. Билік сөзінде тұрса қалалық болғанына өкініп жүрген тоғыстықтардың мәселесі, жуық арада шешіліп қалуы бек мүмкін. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде