{metadescription}
Жамбылда дәретханаға тасталған сәбиді енді нағашы ағасы асырап алмақ
Жамбылда дәретханаға тасталған сәбиді енді нағашы ағасы асырап алмақ

Жамбылда дәретханаға тасталған сәбиді енді нағашы ағасы асырап алмақ

Кішкентай бөбектің әжесінің мезгілсіз қазасына байланысты, марқұмның туған інісі жиенін бауырына басуға ниет білдірген.   

Туа сала тағдыры тәлкекке түскен сәбиді қамқорлығына алуға оның нағашы әжесі басты үміткер еді. Алайда Бибігүл Мәжіғұлова сәуірдің алтысы күні кенеттен бақилық болған. Сөйтіп бір жастан енді асқан Жансая жетім ретінде ортақ базаға тіркеліп кете жаздапты. Олай болғанда, құрсақ көтеруге зар болып жүрген кез-келген жанның оны асырап алуға мүмкіндігі бар. Енді, күтпеген жерден бүлдіршінің нағашысы жиенін өз қолына алуға әзір екенін мәлімдеген. Еске салсақ, былтыр қаңтар айында 21 жастағы Әмина Мәжіғұлова жол бойындағы әжетханаға сәбиін туып тастап кеткен болатын. Өзі осы қылмысы үшін аналық құқынан айырылып, әрі бір жарым жылға сотталған. Рақымшылыққа ілігіп, екі ай бұрын түрмеден шыққан келіншек бөбектер үйіндегі перзентін де бірде бір рет іздеп келмепті.

Шахизинда Маутбаев, Т.Рысқұлов ауданы әкімдігі  қамқоршылық кеңесінің хатшысы:

-Ол баланы алуға үміткер ретінде ең бірінші жақын туыстары болып табылады. Екіншіден қазіргі таңда Мәжіғұлова Жансаяның апасының қайтыс болуына байланысты Жансаяға, қамқоршылыққа үміткер ретінде, жақын туыстары арасынан үміткерлер құжаттар дайындауда.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде