Ақтөбеде лауазымды шенеунікті алдап соққан алаяқ келіншек сотталды
Ақтөбе соты бүгін облыстың бұрынғы бас дәрігерінің орынбасарын сан соқтырған алаяққа үкім кесті. Шенеуніктен өзге тағы төрт адамды алдаған 39 жастағы Ботагөз Биекенова енді өмірінің 3 жыл 3 айын түрмеде өткізуі тиіс.
Автор: Жаңалық Ахаш
11.04.2017
Алмат Ермағанбетов қамауда отырған осы әйелдің кесерінен 20 мың долларымен қоса, әкімдіктегі қызметінен де айырылған болатын. Қыздарын жоғары оқу орнына түсіп беруге уәде еткен алаяққа шенеунік осынша ақшаны ұстата салыпты. Кейін алданғанын біліп, арыз жазғанымен, өзі де пара бергені үшін облыстық денсаулық сақтау басқармасынан қуылып тынды. Ал, Ботагөз Биекенова шенеуніктен өзге 4 танысын алдаған. Біріне Астанадан үй алып беремін десе, екіншісін кәсібінен үлес беремін деп үміттендіріпті. Әйтсе де келіншек кінәсін со күйі мойындаған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!