{metadescription}
Павлодар облысында тағы бір елді мекен су астында қалды
Павлодар облысында тағы бір елді мекен су астында қалды

Павлодар облысында тағы бір елді мекен су астында қалды

Бұл жолы тасқын Ақтоғай ауданындағы Шұға ауылының тұрғындарын әбігерге салуда.

Күннің күрт жылынуынан лезде еріген қар суы елді мекен көшелерін түгел басқан. Баспаналары үшін алаңдаған жұрт енді оның бетін қайтару үшін топырақ үйіп әлек. Құтқарушылардың қосымша күші де жұмылдырылған. Десе де, жайылма су оншақты үйдің ауласын басып үлгерді. Және де қатты тасқын Екібастұз қаласындағы қорымға да жетіпті. Мұны сонда барған марқұмдардың туыстары көрген. Әйтсе де, жұртты сабырға шақырған құтқарушылар қамсыз отырмағандарын жеткізді.

Сергей Сытник, Павлодар облысы ТЖД бөлім бастығы:

-Еріген қар суы елді-мекенге кіріп үлгерген. Он шақты үйдің ауласын басқан. Қазір су сору жұмыстары жүргізілуде. Баспаналардың ішіне кірмеу үшін қолдан келгенді жасап жатырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде