Ақмола облысында Шағалалы ауылын топан су басты
Сәуірдегі судың әлегі Арқадағы жұртқа да жетті. Жаңбырмен қосылған қар суы Ақмола облысындағы өзендерді арнасынан асырып жатыр. Тасқыннан әсіресе Шағалалы ауылына айтарлықтай зақым келген. Елді мекен іргесімен ағатын өзен суы түн жарымында аяқасты көтеріліп кетіпті. Дереу ауыл жұртын қауіпсіз жерге көшіруге тура келді. Тұрғындар дін-аман. Дегенмен, 20-дан астам үй қазір тізеден судың ортасында тұр. Елді-мекенмен қатынас та қиындаған. Тұрғындарды құтқарушылар қазір қайықпен арлы-берлі тасымалдауға мәжбүр.
Автор: Асыл Әділханұлы
11.04.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары