Алматыда студенттер арасында ерекше сайыс басталды
Қара нанның сіз естімеген жаңа түрі немесе қоқыстан қалай жол салуға болады? Еліміздің әр түкпірінен жиналған студенттер Алматыда бизнес-идеялар сайысына түсіп жатыр. Студенттердің «Тiрегi сендер елiмнiң» атты үшінші республикалық фестивалі аясында өтіп жатқан ғылым сайысын Тұңғыш Президент қоры ұйымдастырған.
Автор: Ербол Тұрымбет
12.04.2017
Қоскүндік білім сайысы «Жас толқын» деп аталатын олимпиада форматында өтті. Өңірлерден келген 9 бірдей жоғары оқу орнының студенттері спорт пен ғылым, дебат және шешендік өнер салалары бойынша сайысты. Ал жарыс соңына қарай жас ғалымдар коммерциялық біліктіліктерін ортаға салды. Олардың кейбірі тіпті бизнес-идеяларын қазірдің өзінде қолданысқа енгізіп үлгерген. Жалпы, сайыс қорытындысы бойынша, Сүлеймен Демирел университетінің студенттері топ жарса, екінші орын Шығыс Қазақстаннан келген жас ғалымдардың еншісіне тиді. Үздік үштікте, сондай-ақ, Қазақ сәулет-құрылыс академиясының шәкірттері бар.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!