Ақша жымқырды деп айыпталған оралдық археолог ақталып шықты
Оралда екі жарым миллион теңге жымқырды деп айыпталған, өңірге танымал археолог Мұрат Сыдықов қылмыстық жазадан босатылды. Бұған дейін оған осыншама ақшаны иемденіп алып, «мемлекетке ірі көлемде шығын келтірді» деген кінә тағылған болатын.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
12.04.2017
Алайда сот отырыстары барысында оның бұл ақшаны ресейлік ғалымдарға төлегені анықталған. Сол Орынбор зерттеу орталығының мамандары тиесілі жұмысты атқармай, қаржыны да кейін қайтарған екен. Әйтсе де, ғалымның бәрібір кінәсі бар деп тапқан сот оған екі жыл бостандығын шектеу туралы үкім кескенімен, Мұрат Сыдықов амнистияға ілігіп, жазадан мүлдем босатылды. Еске салсақ, археолог алғашында қазба жұмыстарына деп бөлінген 15 миллион теңгенің жартысын жымқырды деп айыпталған болатын.
Гүлнар Ғимадудинова, Орал қалалық сотының судьясы:
- Айыпталушыда ұрлық жасаймын деген нақты мақсат болмаған. Сот куәгерлерді тыңдап, дәлелдерді зерттеп, Сыдықовтың айыбын «жымқыру мақсат етпесе де, мемлекетке аса ірі көлемде шығын келтірді» деген бапқа өзгертті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!