{metadescription}
Танымал «Бәйтерек» пойызынан табылған тарақандарға қатысты дау өрши түсті
Танымал «Бәйтерек» пойызынан табылған тарақандарға қатысты дау өрши түсті

Танымал «Бәйтерек» пойызынан табылған тарақандарға қатысты дау өрши түсті

«Жолаушылар тасымалы» компаниясының басшылары «Бәйтерек» пойызынан табылған тарақандарға қатысты түсініктеме берді. Айтуларынша, вагондағы тазалықта мін жоқ екен. Ал жұрттың үрейін ұшырған зиянкестерді жолаушылардың өздері әкелуі мүмкін. Тарақанға толы таспаны өткен аптада сол «Бәйтерекпен» жүрген жолаушы ғаламторға салған болатын.            

Тарақандар анау-мынау емес, мақтаулы «Бәйтерек» пойызының ішінде жүр. Мұны көрген жолаушылар бірден жауапты адамдарды іздейді.   

-Бастықтарыңды шақырыңдар тез" Жолсерік, қайда?

Жүрегі дауламаса керек, жәндікті аулауға жолсерік те келмепті. Осыдан кейін Астанадан Алматыға аяқты созып баруды армандағандар тікесінен отырып, түнімен кірпік ілмей шыққан. Ал ұйқыны жеңе алмаған бір жолаушының құлағына жәндік кіріп кетіпті.          

Қарлығаш Қасымова:

-Айтарға сөзім жоқ! Вагон іші тарақандардан аяқ алып жүргісіз! Олар барлық жерде жыбырлап жүр. Тіпті, ұйқыдағы бір жігіттің құлағына кіріп кетті тарақан. Енді не істейміз? Алматыға тек кешкі бестерде бір-ақ жетеміз. Қазір болса түнгі екі.

Тарақандармен бірге түнегендердің түсірген таспа әлеуметтік желіде қызу талқыланды. Ақшадан қағыламыз деді ме, бағасы әуе билеттерімен бірдей «Бәйтеректің» басшылары іле-шала тексеру жүргізіпті. Мін таппадық деген олар енді жолаушылардың өздерін кінәлап отыр.                 

Едіге Мыханов, «Жолаушылар тасымалы» АҚ атқарушы директоры:

-Тарақандарды жолаушылардың өздері алып келген. Өйткені вагондар күнделікті тазартылып тұрады. Дизинфекцияланады. Жолға аттанбас бұрын жатын орындардың да тазалығы жіті тексеріледі. Ал тарақан сөмкеден шыққан болуы мүмкін.

Сол себепті де төсекте тарақандардың өріп жүргені үшін ешкім жауапқа тартылмапты. Одан қалды, теміржол тасымалына жауаптылар вагондардан жәндік көрмедік дейді.         

Теміржол саласының басшылары былтыр да вагондардан тарақан шыққанын ұмытса керек. «Астана-Маңғыстау» пойызына мінген жолаушылар да түнімен кірпік ілместен жәндіктерді күзетіп отырыпты. Ол кезде де бұл келеңсіз жағдай үшін ешкім жауапқа тартылмаған.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде