{metadescription}
 Назарбаев Қарулы күштердің қауқарын тексерді
 Назарбаев Қарулы күштердің қауқарын тексерді

Назарбаев Қарулы күштердің қауқарын тексерді

Бүгін Ақордада қазақ әскерінің қазіргі қауқары әңгіме болды. Нұрсұлтан Назарбаев Қорғаныс министрін шақыртып, қарулы  күштердің қауқарын сұрады. 

Сәкен Жасұзақовтың айтуынша, Қарулы күштер қатары 93 пайызға жасақталған. Оның үстіне биыл тағы  34 мыңға жуық жігітті әскер қатарына  шақыру жоспарланып отыр. Ал Назарбаев қорғаныс саласын жаңа қару-жарақ, әскери техникамен қамту жағына көп көңіл бөлді. Бұл ретте атқарылып жатқан шаруа аз емес. Әсіресе, әскердегі тәртіптің жақсарып келе жатқаны президенттің көңілінен шықты. Сондай-ақ, бүгін Елбасының қабылдауында 6 ай бұрын  құрылған Қорғаныс және аэроғарыш өнеркәсібі министрі де болды. Бейбіт Атамқұлов Астана қаласында салынып жатқан Ғарыш аппараттарын құрастыру-сынау кешенінің құрылысы аяқталғанын айтты.

Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:

-Кадрлық жағынан барлығын шештің.  Министрлік құрылды. Мемлекеттік тапсырыстың бәрін өзің алдың, қорғаныстан да. Жұмысыңды істеп жатырсың. Содан кейін зауыттарды салу мәселесі, жаңадан өндіріс мәселелерін шешу керек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

31 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде