Перуашев ауылдан шыққан жастарға асхана мен әжетханасы ортақ жатақхана салуды ұсынды
Мәжілісмен қалаларда қаңғып жүрген қыз-жігіттерге арнап «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында бір бөлмелі баспаналар тұрғызу керек деп, премьер-министрдің атына сауал жолдады.
Автор: Жәудір Оразхан
12.04.2017
Депутаттың айтуынша, жастарға арналған үйлердің асхана мен әжетханасы ортақ болуы тиіс. Сонда шаршы метрден үнемдеуге болады. Нәтижесінде баспананың құны 40 пайызға дейін арзандайды екен. Негізі «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында 2021 жылға дейін 35 мың жалға берілетін пәтер салынбақ. Бірақ онда ауылдан келген жастарға үй қарастырылмаған. Ал жыл сайын арман қуып қалаға келіп жатқандар мыңдап саналады. Сондықтан баспана мәселесін шешудің қосымша жолдарын ойластыру керек дейді депутат.
Азат Перуашев, Мәжіліс депутаты:
-Кез-келген базардың жанында, құрылыстың жанында жүздеген, мыңдаған ауылдан шыққан жігіттер антисанитарлық, өте қиын жағдайда өмір сүруде. Жатақханалар осы бағдарламада жоқ. Біз бағдарламаларға сол ауылдан келген жастарға арналған жатақханалар салуды ұсыныс жасадық
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!