{metadescription}
Атыраулық атышулы полицей Манарбек Өтеуов тағы да сотталды
Атыраулық атышулы полицей Манарбек Өтеуов тағы да сотталды

Атыраулық атышулы полицей Манарбек Өтеуов тағы да сотталды

Бұл жолы ол арақ ішіп алып, тергеу абақтысының басшысын ұрғаны үшін жаза үстіне жаза қосып отыр.

Өтеуов онсыз да адам өлтіргені үшін былтыр 22 жылға сотталған болатын. Бүгін тағы 3 жарым жыл кесілгенімен, судья оның алдыңғы ауыр жазасын ескеріп, 22 жылды сол күйі қалдырған. Тереу мәліметтеріне қарағанда, Өтеуов камераларды тексеру кезінде дәлізге сытылып шығып, қолындағы темір кесіндісімен бақылау камераларын, электр шамдарын сындырып тастапты. Мұның себебін білуге келген абақты бастығы Ержан Молдабековке де жұдырық ала жүгірген. Айта кетсек, Өтеуов атышулы хатымен де танымал. Өзбекстан азаматын өлтіріп, темір торған қамалғанда ол бастықтарының да қылмысын жіпке тізіп, хат жазған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде