Оралда әріптесін ұрып өлтірген шенеунікке қатысты үкім шықты
Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты мемлекеттік инспекция комитетінің аймақтағы өкілі Тілек Химедденов енді он жылын түрмеде өткізуі тиіс.
Автор: Жаңалық Ахаш
12.04.2017
Осыдан тура бір жыл бұрын Файзулла Төлегеновтің өлі денесі әріптесінің үйінен табылған еді. Алғашқыда сарапшылар оны жүрек талмасынан қайтыс болды деген шешім шығарған. Бұған сенбеген марқұмның туыстары қайта тексеруге арыз жазады. Екінші қайтара жүргізген сараптама ауыр соққы болғанын ақыры анықтапты. Сот барысында анықталғанындай, мемлекеттік инспекцияның қос қызметкері қайғылы оқиға болған күні жұмыстан ерте сұранып кеткен. Сөйтіп, олар Химедденовтің үйіне барып, арақ ішеді. Кейін екеуі төбелесіп қалған. Ал не нәрсеге келісе алмағаны сол күйі айтылған жоқ. Тілек Химедденов те кінәсін мойындамады. Енді ол 10 жыл отырып қана қоймай, қаралы отбасыға екі миллион теңге өтеуге міндетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!