{metadescription}
Ақтөбелік ақсақалдар мен имамдар садақа кезінде аста-төк дастархан жаятындарға қарсы шықты
Ақтөбелік ақсақалдар мен имамдар садақа кезінде аста-төк дастархан жаятындарға қарсы шықты

Ақтөбелік ақсақалдар мен имамдар садақа кезінде аста-төк дастархан жаятындарға қарсы шықты

Жаназадан соң берілетін астың тойдан кем түспеуі орынсыз дейді олар.

Қазір өлік шыққан үйдің иелері ас беру үшін мейрамхана жалдауды әдетке айналдырған. Онымен қоймай, дастарханды салаттың түр-түрімен толтырып, қалтасы көтергендер тіпті қара уылдырық қояды. Мұны дарақылыққа теңеген дін өкілдері садақа мәзірін өздері әзірлепті. Бұдан былай ас бергенде тек нан-майын, шекер-шәйін, ірімшік-құртын, жентін қойса жетіп жатыр. Бұл шешімдерін мешіттегілер әрине ешкімге мәжбүрлеп орындата алмайды. Әйтсе де, ысырапшылдыққа жол бермеу үшін ақсақалдарға Ақтөбедегі мейрамханаларды аралап уағыз айтуды жүктеген. Өйткені, соңғы кездері қара жамылған отбасылардың өздері өлікті ұмытып, ас беретін орынға алдымен жүгіретін болған.

Бекежан Ахан, «Нұрғасыр» мешіті ақсақалдар алқасының мүшесі:

-Қазір өлік өзімен-өзі қалады. Ал бүкіл ағайын-тумалары көтеріліп, тойдың дастарханына ілесіп, ресторанға кетеді. Көңіліне қаяу түсіріп, қасірет жамылып отырған дастарханды, өлік шығарып отырған жерді қалай біз тойдың дастарханындай етіп жасауымыз керек? Тіпті бұл психологиялық тұрғыдан да келмейді. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.