{metadescription}
Астанада тұрғынның есігін кувалдамен қиратқан жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылды
Астанада тұрғынның есігін кувалдамен қиратқан жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылды

Астанада тұрғынның есігін кувалдамен қиратқан жеке сот орындаушы лицензиясынан айырылды

Бір қызығы, сот Рустам Жылқыбаевтың әрекетін заңды деп тапқанымен, бұл салада жұмыс істеу құқынан айырып отыр.

Ауыр балғамен есікті қиратып жатқан сот орындаушының әрекеті күллі елдің жағасын ұстатқан. Өйткені, кувалдамен қаруланған заң өкілі борышкердің емес, оның әпкесінің үйін талқандап тастаған болатын. Кейін Жанна Әлиева құзырлы орындарға шағымданып, сот орындаушынының өзін сотқа берді. Енді дауға қалған Жылқыбаев дөрекі қылығы үшін лицензиясынан айырылып отыр. Тіпті, жеке сот орындаушылар палатасы да оны құрамынан шығарып тастаған. Заң өкілінің ендігі үміті апелляциялық сотта. Ал, бауырының қарызы үшін шырғалаңға түскен келіншек Жоғарғы сотқа дейін шығымданып, шығынды өндірмекші.

Жанна Әлиева, Астана қаласының тұрғыны:

-Жоғарғы сот мен арызымды қарап әділ шешім шығарады деп ойлаймын. Өйткені, бұл іске менің қатысым жоқ. Ешкімге қарыз емеспін. Үй де менікі. Неге сот орындаушы менің мүлкімді талқандауы керек?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде