{metadescription}
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенті кеудесіне тиген ауыр соққыдан көз жұмған
Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенті кеудесіне тиген ауыр соққыдан көз жұмған

Қазақ Ұлттық аграрлық университетінің студенті кеудесіне тиген ауыр соққыдан көз жұмған

Бұл туралы жатақханадағы төбелестен қаза тапқан Дидар Болысбектің ата-анасы айтып берді. Сол соққыдан жасы 17-ден асқан жігіттің жүрегі тоқтап қалыпты. Ал 1-ші курс студенті үлкендердің әлімжеттік жасайтынын анасына өткен жексенбіде ғана айтқан екен. Дидар соның құрбаны болуы мүмкін. Марқұм бүгін жер қойнына тапсырылды.

Дидар Болысбектің сүйегін туған жері Таразға жақындарынан бөлек, университеттегі ұстаздары алып келген. Ал қара жамылған ата-ананың қолына оның денесіне жасалған сараптама нәтижесі беріліпті. Қағазда студенттің аяқасты жүрегі тоқтап өлгені көрсетілген. Ал оған бір ғана ауыр соққы себеп болыпты.

Қайырбек Нәбиев, Дидар Болысбектің әкесі:

-Сол төсінің астынан ұрғанда 2 бүктеліп құлап қалған.  Содан тұрғыза алмадық депті.

Мұны күдіктілер тергеушілерге айтып берген екен. Қазір қайғылы оқиғаға қатысы бар ұсталған 9 жігіттің екеуі ғана кінәсін мойындап, қамауға алынған. Ал аграрлық университеттің басшылығы Дидардың әлімжеттік құрбаны болғанын әлі де мойындар емес. Ал жігіттің анасы баласының денсаулығында еш кінәрат болмағанына сенімді.

Жанар Нәбиева, Дидар Болысбектің анасы:

-Менің баламда судороги болған емес, бас ауру болған емес, ешқандай ауру болған емес. Баланы сап-сау демалыс күні мен шығарып салдым осы үйден.

Тіпті, курстастары оның жатақханаға кіруден қатты қорыққанын айтады. Сондықтан сенбі сайын Тараздағы үйіне қатынаған екен. Бұған дейін қысым көретінін айтпай келген ол бар шындықты тек жексенбі күні ғана анасына жеткізген.

Жанар Нәбиева, Дидар Болысбектің анасы:

-Мама, жатақханада "дедовщина" деді. Түн ортасында тұрғызады, дүкенге, дәріханаға жібереді деді.  Барып тауып әкелуге міндетті екен.

Сондықтан Дидардың туыстары жағдайға бірінші кезекте аграрлық университет басшылығын кінәлап отыр.

Жарас Атығаев, Дидар Болысбектің нағашы ағасы:

-Аграрлық  университет студенттерінің  бұзық екенін бәрі айтады. Күнде ұрады екен, дендеген әлімжеттік!

Дидардың өлімінен кейін студенттердің құқығына ерекше көңіл бөліне бастады. Енді Алматыдағы жоғары білім алушылар үшін сенім телефоны жұмыс істейді. Онда студенттер әлімжеттік, жемқорлық сияқты мәселелерге қатысты шағымын қалдыра алады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.