{metadescription}
Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды шендісі парамен ұсталды
Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды шендісі парамен ұсталды

Астанада Денсаулық сақтау министрлігінің лауазымды шендісі парамен ұсталды

Астанада кезекті тұтқындау! Бұл жолы Денсаулық министрлігіне қарасты Санитарлық авиация орталығы бас директорының орынбасары пара алып жатқан жерінде ұсталды.

2 миллион теңгені Мадияр Шалғынбаев көлігінің артындағы орындықтың арасына тығып үлгерген екен. Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюроның мәліметінше, Санавиацияның лауазымды шендісі науқастарды ұшақпен тасымалдауға тендер ұтып беру үшін жеке меншік әуе компанияларының басшыларынан жүйелі түрде ауызбастырық алған. Сөйтіп, осы уақытқа дейін қалтасын 40 миллион теңгеге қампайтып үлгеріпті. Қазір Шалғынбаев уақытша қамау абақтысында жатыр. Айта кетейік, санитарлық авиация орталығы науқастарды тасымалдау үшін осыдан 5 жыл бұрын ашылған болатын. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде