Елімізде тасқынның екінші толқыны жүруі мүмкін
Әсіресе, Қарағанды мен Ақмола облысына төнген қауіп сейілмей тұр. Төтенше жағдайлар комитеті мұнда топан судың астында қалуы мүмкін елді-мекендердің тізімін жасап та қойыпты.
Автор: Досжан Маратұлы
13.04.2017
Владимир Беккер, ҚР ІІМ Төтенше жағдайлар комитетінің төрағасы:
-Қарағанды облысында Нұра өзеніне өте жақын тұрған 17 ауылда тасқын қайта жүруі мүмкін. Әрі Ақмола облысындағы 10 елді мекенге де қауіп төніп тұр. Бұлар да Жабай мен Клутон өзендерінің жағасында тұр.
Қазірдің өзінде аты аталған аймақтарда жағдай мәз емес. Жаңбырмен араласқан қар суы өзендерді арнасынан асырып жатыр. Қарағанды облысын жайлаған тасқын Ақмолаға жетіп, Шағалалы ауылы мен Атбасар жұртын әлекке салуда. Ал, Батыс Қазақстанда тасқынның екінші толқыны сәуірдің аяғында жүруі мүмкін. Яғни, Ресейден бастау алатын Жайық өзені сол кезде тасиды дейді құтқарушылар. Сондықтан негізгі күш осы қауіпті аймақтарға жұмылдырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!