{metadescription}
Елімізде азаматтардың меншігіндегі бос жатқан жерлер жаппай қайтарылмақ
Елімізде азаматтардың меншігіндегі бос жатқан жерлер жаппай қайтарылмақ

Елімізде азаматтардың меншігіндегі бос жатқан жерлер жаппай қайтарылмақ

Жақында әкімдер азаматтардың меншігіндегі бос жатқан жерлерді жаппай қайтаруға кіріспек. «Жер қатынастарын реттеу» туралы заң жобасына тұрғындардың иелігіндегі учаскелерді мемлекетке қайтару туралы осындай өзгеріс енгізілді. Жаңа құжатты бүгін Ауыл шаруашылығы министрлігі Мәжіліске алып келді. Әкімдіктер жұрттан жерді нарықтық бағамен сатып алмақ. Сөйтіп, көпқабатты тұрғын үй салмақшы. Сондай-ақ, ауыл шаруашылығына арналған жерлер отандастарымызға арнайы конкурс арқылы жалға беріледі.

«Жер қатынастарын реттеу» туралы заңға негізгі өзгерістерді Жер реформасы жөніндегі комиссия мүшелері енгізген. Жаңа құжатқа сай, ауыл шаруашылығына арналған жер шетелдіктерге сатылмайды, жалға да берілмейді. Оған президент 5 жылға мораторий жариялаған болатын. Ал отандастарымызға  жерді иеленуге тыйым салынбағанымен, берілетін учаскенің көлемі шектеулі. Қазір Үкімет оның есеп-қисабын жүргізуде.

Ерлан Нысанбаев, ҚР Ауыл шаруашылығы вице-министрі:

-Жалға берілетін ауыл шаруашылығы жерлерінің шектік мөлшерін белгілеу. Үшінші, шекара маңынан ауыл шаруашылығына берілетін жерлерге талаптарды күшейту. Төртінші, халыққа қажетті жайылымды жерлердің көлемін анықтау. Бесінші, жеке тұрғын үй құрылыс үшін қажет жерлерді мемлекеттік мұқтаждыққа жатқызу.

Дәл осы жұрттың меншігіндегі жерді мемлекеттің қажеттілігі үшін  тартып алуға рұқсат ететін нормаға қатысты сауал көп. Өйткені, шенеуніктер бұған дейін мемлекеттік мекеме саламыз деп, талай тұрғынның иелігіндегі учаскені кәсіпкерлерге сатып жіберген екен.

Зәуреш Батталова, саясаткер:

-Соңғы 10 жылда жергілікті билік мемлекеттік мұқтажға деп жұрттың қолындағы жерді алып, оны бизнеске таратты. Астанада әкімдік тұрғындардың меншігіндегі учаскелерді жеке компанияларға заңсыз берген. Мемлекеттік қажеттілік деген -  жол, әуежай, вокзал немесе қорғанысқа қажетті нысандар салу емес пе?

Бұл жолы жұрттың қолындағы жерді оңды-солды тартып алмаймыз дейді шенеуніктер. Ол учаскелерге қаланың бас жоспары бойынша көпқабатты тұрғын үйлер салынады екен. Ал депутаттар жердің  бағасына алаңдап отыр.

Омархан Өксікбаев, Мәжіліс депутаты:

-Бір жерді, бір үйді 1 мың долларға сатып алып, біреуін 1 миллион долларға сатып алған кезіміз болған. Сол сияқты мына жерлерді де біреудің басымдығын пайдаланып, артық бағаға алып, біреуінікін бас-көз демей ешқандай шығынын өтемейтін кезең туындап кетпей ме?

Үкімет жерді нарықтық бағамен сатып алады. Ескі заң бойынша мемлекеттік қажеттілікке деп қайтарылған учаскелердің кадастрлық құны ғана төленеді екен. Ал ол қаржыға қожайын басқа баспана немесе жер  сатып ала алмайды. Сондай-ақ, жаңа заң бойынша ауыл шаруашылығына арналған жерлер отандастарымызға конкурс арқылы таратылмақ. Яғни, үміткердің алдын ала бинес жоспары болуы керек және жергілікті жұртты жұмыспен  қамтуға қауқарлы екенін дәлелдеуі тиіс.

Бақтияр Мәкен, Мәжіліс депутаты:

-Тұрғындар байқауды онлайн-режимде қарап отырсын. Оны заңмен бекіту керек. Жұрт білсін, жердің бизнеске, тұрғын үйге қандай талаптармен берілгенін. Қазір елді-мекендерде интернет бар. Сонда жемқорлық та болмайды.

Ал шекараға жақын учаскелер шетелдіктерге, азаматтығы жоқ адамдар мен өзге елдің азаматымен некеге тұрған қазақстандықтарға берілмейді.

Ауыл шаруашылығына арналған жерлердің ортақ базасы болады екен. Кез-келген адам интернет арқылы кімде қанша жер бар екенін үйде отырып-ақ көре алады. Сонда гектарлаған жерді жалғыз иеленіп алған латифундистре де болмайды. Жалпы, жер туралы жаңа заң жобасына  жүзден астам өзгеріс енгізілмек. Парламент құжатты енді қарауға алды.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде