Солтүстікте 500-ге жуық тұрғыны бар ауыл қызыл судың құрсауында қалды
Сыртқа қатынайтын жалғыз көпір тасқынға шыдас бермей қирапты. Енді көлкіген судың қақ ортасында қалған Разгульноенің тұрғындары, су қайтам дегенше, яғни әлі екі ай бойы аралда күн кешуі керек.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
14.04.2017
Ал құтқарушылар осы жағдайға дайындалғанбыз деп отыр. Яғни, облыс орталығынан 400 шақырым жердегі ауылда тасқынға қарсы шаралардың бәрін алдын ала атқардық дейді. Жүкті әйелдер мен науқастар аудан орталығына жеткізіліпті. Екі дүкенге екі айға жетерлік азық-түлік қоры жеткізілген. Дәрігерлік қосынға көрші ауылдан мамандар да әкелініпті. Олар екі ай бойы, яғни судың беті қайтпайынша, аралдағы ауылда іссапарда болады екен. Ал құрғақ жермен жалғайтын жалғыз көпірдің әзір жөнделетін түрі жоқ.
Асхат Ержанов, СҚО ТЖД тасқынға қарсы күрес штабының жетекшісі:
-Бұл көпір жыл сайын бұзылады. Өйткені Есіл өзенінің тым төменгі сағасында орналасқан. Судың беті қайтқан соң оны қалпына келтіреміз. Ал жаңасын салу тиімсіз. Тұрғындарға осы көпірмен амалдауға тура келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!