{metadescription}
 Астанада лифтісі үзілген үйдің тұрғындары өлімнен қалай аман қалғандарын айтып берді
 Астанада лифтісі үзілген үйдің тұрғындары өлімнен қалай аман қалғандарын айтып берді

Астанада лифтісі үзілген үйдің тұрғындары өлімнен қалай аман қалғандарын айтып берді

Астанада айдың-күннің аманында 7 бірдей тұрғын ажал аузынан әзер аман қалды. Қөпқабатты үйлердің бірінде лифт үзіліп, жолаушысымен жерге бір-ақ түскен. Олардың алтауы ересек, біреуі бала. Сервистік компанияның салғырттығынан бұл үйде лифт жиі жібінен үзіліп тұрады екен.Үш жылдан бері шешім таппай жүрген тұрғындар, проблема қайғы болмай қайтпайды ма деп қорқады. 

Өлім аузынан аман қалғандардың бірі 43 жастағы Нұрлан Баймаханов. 20-шы қабатта тұратын ол сыртқа шығып келемін деп лифтіге мінген. Бірақ бала-шағасымен іштей қоштасып ақтық сапарға аттана жаздадым дейді. Апаттан беті қайтып қалған азамат тіпті үйден шығуға жүрексініп, бүгін жұмысына да бармапты.

Нұрлан Баймаханов, Астана қаласының тұрғыны:

-Сол 6-шы қабатқа  келгенде тоқтады лифт. Сосын тросстың үзілген жантүршігерлік дауысы, дүрс-дүрс етті. Ол 4-5 қабат болатын, сосын әрі қарай тағы кеттік. Аяғымыздың астынан жерді сезбедік. Аллаға сыйынып қана отырдық.

Мына суреттер құтқару операциясы кезінде түсірілген. Құлдилап  төменге құлаған лифтте 6 ересек адамның арасында 8 жасар оқушы қыз болыпты. Тап-тар темірдің ішінде тыныстары тарылып, есіктен саңылау тауып, әзер демалған. Ал  лифтті ашып, адамдарды құтқарып алуға бір сағаттан артық уақыт кетіпті. Ал өлім атракционына айнала жаздаған лифт сол қалпында қатып тұр. Бұл оқиға дәл осы лифттің, өмір мен өлім арасында адам тасыған жалғыз сапары емес екен.

Наталья Данилова, Астана қаласының тұрғыны:

-Жүк лифтінде адамдар үнемі  қамалып қалды. Диспетчерлік бөлімге хабарласып, шара қолданыңдар, жөндеңдер дегенде берген жауабы ақылға қонбайды. Арықтаңдар деп жауап берді.

Жүгенсіз компания осы үймен қатар тұрған тағы бір элиталық үйдің тұрғындарын әбден жүдетіпті. Қос баспанада 800-ге тарта отбасы тұрады. Айына әр пәтер 1200 теңгеден төлеп жүр. Ал көрсетілген қызмет ешқайсының көңілінен шыққан емес. Оқиғадан кейін лифтерді күтіп-жөндейтін мердігермен келісімін үзген қызмет көрсетуші компания, бар кінәні жөндеушілер мен тұрғындардың өздеріне артып отыр.

Руслан Хасенов, «Ати сервис» қызмет көрсету компаниясы директорының орынбасары:

-Мен техник емеспін. Апат қалай, неліктен болғанын түсіндіре алмаймын. Алайда айтарым шамадан көп адам мінген.

Оқиға қылмыстық кодекстің 306 бабы бойынша тіркеліп, полиция  тергеу амалдарын бастап кетті. Егер де, лифт жөндеуші компанияның сақтық шараларына салғырт қарағаны анықталса, қылмыстық іс қозғалмақ.  Сондықтан жеке фирма мен тұрғындар арасында ұзаққа кеткен даудың соңғы нүктесін сот қоюы ықтимал.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде