Мектепке дейінгі мекемелердің бірінде болған келеңсіз жағдай жария болды
Балабақшадағы бассыздық! Қызылордада мектепке дейінгі мекемелердің бірінде болған келеңсіз жағдай елге жария болды. Ашуға булыққан тәрбиеші кішкентай ғана бүлдіршінді сабап тастаған.
Автор: Асыл Әділханұлы
14.04.2017
Әлеуметтік желі арқылы тараған бұл видеода бір әйелдің балабақша тәрбиеленушілеріне дауыс көтеріп, кейін шетте отырған балақайды басынан салып қалғаны анық көрінеді. Бүлдіршіннің бар жазығы – орындығының қисайып кеткені болса керек. Себебі, тәрбиеші оны ащы даусымен «түзу отыр» деп жекіп жатыр. Көп ұзамай бұл әйелдің аты-жөні де белгілі болды. Ол – «Айша бибі» балабақшасында әдіскер, психолог, тәрбиеші қызметтерін қатар алып жүрген Анар Нұрғалиева. Педагог жұмысынан қуылыпты. Бірақ таяқ жеген баланың анасы оны сотқа сүйреймін деп отыр. Ал полиция бұл жағдайды тергеуге кірісіп кетті.
Гүлжахан Қайырбергенова, Қызылорда облысы ІІД баспасөз хатшысы:
-Аталған бейнематериалға қатысты Қызылорда облысының ІІД-мен тексеру жүргізілуде. Оқиға наурыз айының аяғында Қызылорда қаласындағы балабақшалардың бірінде орын алғандығы анықталды. ҚР 140 баб ының 2 тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеп тексеру амалдары жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!