Алматыда танымал адамдар көшет отырғызды
Атадан мал қалғанша, тал қалсын! Осыны алға тартқан бір топ қоғам қайраткері Алматыда көшет отырғызды.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
17.04.2017
Олжас Сүлейменов, Төрегелді Шарманов, Ермахан Ибраимов бастаған топ оқушыларға да ағаш егудің қыр-сырын үйретті. Айта кетсек, бұл тек ауқымды акцияның бір бөлігі ғана. «Байтақ-Болашақ» экоальянсы еліміз бойынша 18 миллион көшет отырғызуды жоспарлап отыр. Яғни енді әрбір қазақстандық 1 талдан егуі тиіс. Игі шара бұған дейін Тараз, Талдықорған, Шымкент қалаларында өткен. Ал келесі кезекте Атырауды он мың көшетпен байыту көзделіп отыр. Жасыл желекті көбейтуге бағытталған акция күзде де жалғасын таппақ.
Азаматхан Әміртаев, «Байтақ болашақ» экологиялық альянсының президенті:
- Әрбір азамат өзінің болашағы үшін тал шыбықтарын егуі керек. Қаратал бүгінгі күні 100 теңге тұрады. Немесе алма бақшалары 2 мың теңге тұрады. Оны біз қазір бағаларын арзандатуға тырысамыз барынша. Келіссөздер жүргіземіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!