{metadescription}
Президент іс басқармасының клиникасы смс арқылы емделуге шақырды
Президент іс басқармасының клиникасы смс арқылы емделуге шақырды

Президент іс басқармасының клиникасы смс арқылы емделуге шақырды

СМС арқылы емделуге шақырды! Президент іс басқармасының Орталық клиникалық ауруханасы аурумен күрестің тың тәсілін тапты. Дәрігерлер қала тұрғындарының ұялы телефонына арнайы хабарлама жіберіп, денсаулығын тегін тексертуді ұсынды.

Ақ халаттылар СМС-ті 50 мыңнан астам адамға жолдапты. Солардың арасынан 400-дейі ауруханаға келген. Олар тегін тексеруден өтіп, әртүрлі жәрдем алды. Атап айтқанда, тіс, көз, құлақ пен жүректі 50 пайыз жеңілдікпен емдету мүмкіндігіне ие болды.  Келушілердің көбі жамбас пен тізе буындарының сырқырап ауыратынын айтқан. Ақ халаттылар мұны денсаулықты күтпегеннен деп отыр. Сондай-ақ, биыл аллергияның әлегінен сыртқа шығуы қиындап қалғандар көбейген. Мұнда олар да емделіп жатыр.

Қайрат Кәрібаев, ҚР Президенті іс басқармасы Орталық клиникалық ауруханасының кардиоорталық басшысы:

- Жаз шыққанда көп кісілерде аллергия пайда болады. Бізде өте жақсы аллергоорталық бар. Науқастар келгенмен оларға тест жасаймыз. Қандай заттарға аллергия бар. Науқастар емделгенде өте жақсы нәтижелер пайда болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде