Елімізде туберкулезді бір ғана сараптама арқылы ерте анықтауға мүмкіндік тумақ
Қазір мұндай күрделі зерттеуді Оңтүстік Қазақстан облысының жас ғалымдары жүргізіп жатыр. Ал Тұңғыш президент қоры оларды қолдап, қаржылай сыйақы табыстады.
Автор: Нұргүл Нұрланқызы
17.04.2017
Асылбек Бурабаев, жас ғалым:
- 1 жылға 800 мың көлемінде ұсынылып отыр. Бұл өте қолайлы сома деп ойлаймын. Себебі, біз біраз реактивтерді алып, сол реактивтердің көмегімен өзіміздің зерттеулерді қазір жалғастырудамыз.
Президент қорының өкілдері оңтүстікке арнайы сапар барысында өңір басшысымен кездесіп, тың жобаларды жүзеге асыру жолын талқылады. Бұған қоса, жастарға 3 миллион теңгелік зертхана тарту етілді. Ол 20-ға тарта жаңа технологиялық құрал-жабдықпен қамтылған. Тек ғылымға ғана емес, шығармашылыққа да ден қойылыпты. Яғни оңтүстік жастары үшін шеберлік сыныптары ұйымдастырылып, арты концерттік бағдарламаға ұласты. Аталған қор өкілдерінің сапары енді еліміздің өзге қалаларында жалғасады.
Қанат Жұмабаев, Тұңғыш президент қорының атқарушы директоры:
- Президент қоры – жергілікті әкімдіктермен, жоғары оқу орындарымен бірлесіп, талантты жастарды қолдау мақсатында әртүрлі жобаларды іске асырады. Оңтүстік Қазақстан облысының жастары қор жобаларына белсене қатысқанын қалаймыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!