Петропавлда танымал спортшыны ұрып өлтіргендер сотталды
Петропавлда баскетболдан облыс құрамасының мүшесі Игорь Нанаевты ұрып өлтірген бес жігітіке қатысты үкім шықты. Кінәсін толық мойындаған Димаш Қайбаровты сот 9 жылға бас бостандығынан айырды.
Автор: Гүлмира Тасболатқызы
17.04.2017
Ал Бауыржан Мақатов, Жанбатыр Әскеров, Әділ Меңдібаев пен Олжас Еламан сегіз жылдан арқалады. Естеріңізге салсақ, олар былтыр күзде қаладағы дәмханалардың бірінде облыстың баскетбол құрамасындағы ойыншылармен ерегісіп қалған. Жаппай төбелестің соңы кісі өлімімен аяқталған-ды. Игорь Нанаев алған соққыдан ауруханада есін жимастан көз жұмды. Ал сотталғандардың туыстары бүгінгі сот үкімін тым қатал деп отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!