"ЭКСПО" ісі бойынша сотталған Қажымұрат Үсенов бостандыққа шықты
Мемлекет ақшасын жеген қос бірдей экс-шенеунік түрмеден мерзімінен бостандыққа шықты. Ауыл шаруашылығы вице-министрі Мүсілім Өміраев пен «Экспо 2017» компаниясының құрылыс департаментін басқарған Қажымұрат Үсеновтің рақымшылыққа іліккенін Қылмыстық атқару жүйесі комитеті хабарлады.
Автор: Досжан Маратұлы
17.04.2017
Мүсілім Өміраеев осыдан үш жыл бұрын аусылға қарсы вакцина алу барысында кәсіпкердің сойылын соққаны үшін 7 миллион теңге мен 100 мың доллар пара алды деп 10 жылға сотталған-ды. Ал жантүршігерлік жол апатын жасаумен аты шыққан Мақсат Үсеновтің әкесі Қажымұрат Үсенов ЭКСПО ісі бойынша екі жылға абықтыға жабылған болатын. Оның жартысын ғана өтеген үлкен Үсеновтің ісі де, осылайша жарты жолдан жабылды. Сот оның тергеумен келісімге келгенін және 62-дегі жасын ескеріпті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!