{metadescription}
Қарағанды облысының 3 ауданында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды
Қарағанды облысының 3 ауданында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Қарағанды облысының 3 ауданында тасқынға байланысты төтенше жағдай жарияланды

Қарқаралы, Абай және  Бұқар жырау аудандарында 20-ға тарта ауыл мен жолдарды су шайған. Ең көп зардап шекккен Бұқар жырау ауданында жүзге тарта үйде тізеден асатын су тұр. Қызыл су көлемі бұдан бетер көбейсе, Ақмола облысына қарай орналасқан елді мекендерді де шаюы мүмкін.

Чкалов ауылының тұрғыны Наталья Түсіпбекова үйіне толған су деңгейінің түсуін күтіп жүр. Екі күн бұрын қолға ілінгенді ала қашқанда, қызыл су белуарға келген екен. 

Наталья Түсіпбекова, Чкалов ауылының тұрғыны:

-Былтыр ғана күрделі жөндеу жасағанымызды қайтейін, бәрі зая кетті. 2015 жылы су басқанан кейін жөндеген едік. Міне, тағы қайталанып отыр. Бұған жауапты адам бар ма өзі? 50 жылдап баспайтын су қайдан келіп жатыр, араға бір жыл салып.

Ауылда жүзге тарта қора-қопсыны санамағанда тура осындай 49 үйдің іші суға толы. Оны қазір сорғызып алу да мүмкін емес. Өйткені иен далаға жайыла келген су ауылды түгел қоршап алған. 

-50-ге тарта үйге кірген қызыл су ауылдың оңтүстік жағынан келген. Өйткені осы тұста Самарқанд су қоймасы бар. Қарқаралы ауданынан толассыз аққан көп суды ұстап тұра алмағандықтан, қоймадағы қызыл су амалсыздан осы жаққа қарай ағызылды дейді мамандар.

Өйткені, арнасынан асқан қойманың жарылуы қаупі өскен. Сондықтан жергілікті билік елді құлақтандырып, тасқынға дайындалуға ғана қауқарымыз келді деп отыр.

Руслан Нұрмұхамбетов, Бұқар Жырау ауданы әкімінің орынбасары:

-Үйдегі дүние мүліктерін шығаратынын шығарып, көбін жерден жоғары көтеріп қойдық. Өйткені қызыл судың келетінін білгенбіз. Тек салдарын жеңілдетудің жағын ойластырдық. Жұрттың бір бөлігі уақытша күнелту бекеттеріне орналасты. Көбі туыстарының үйлеріне кетті. 

Дәл осы су көршілес Садовое ауылындағы 42 үйге кірген. Өзен арналары мен қоймаларды толтырған су енді Теміртаудың тұсында тұр. Қарқыны қайтпаса, осы нөпір Нұра мен Осакаровка аудандарына жетуі мүмкін.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде