{metadescription}
Ақтөбе әкімдігі жылу жинап жүрген еріктілердің бәріне сене бермеуге  кеңес берді
Ақтөбе әкімдігі жылу жинап жүрген еріктілердің бәріне сене бермеуге  кеңес берді

Ақтөбе әкімдігі жылу жинап жүрген еріктілердің бәріне сене бермеуге кеңес берді

Осы тасқыннан зардап шеккендерге жылу жиналып жатыр. Бірақ әкімдіктегілер қаптаған еріктілер тобына жұрттың сене бермеуін сұрайды. Өйткені, біреудің қайғысын пайдаланып, өзінің қамын күйттейтіндер аз емес. Әйтсе де, қызыл судың кесерінен қаңғырып қалған ағайын ең бастығысы өз шаңырақтарының бүтінделгенін тілеп отыр.

Еңкілдеп жылаған бұл азамат өзінің шарасыздығына күйінеді. Бірінші топтағы мүгедек Ерболат Жамиевтің үйін су ағызып кеткен. Қазір өзімен тағдырлас жүзге жуық адаммен бірге мектептің спорт залында тұрып жатыр. Тілінің мүкістігінен ол ештеңе түсіндіріп бере алмады. Бірақ түксіз қалғандарын көршілері жылап тұрып айтып берді.

Нұргүл Мұқашова, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

- Келінім, қыздарым бәрі қаңғырып жүр. Екі немерем бар. Баратын жерім жоқ. Пәтерге ақшам жоқ.

Айшолпан Таңатарқызы, Ақтөбе қаласының тұрғыны:

-Көмектесіңіздерші...

Қазір далада қалған мыңнан астам адамды паналатуға он екі жер әзірленіпті. Жұрт ол жерден үш мезгіл тамақтарын ішіп, сонда түнеп жүр. Ал қала тұрғындары болса, жерлестеріне жан-жақтан жылу жинап жатыр. Облыстық мешіт жанындағы зекет қорына да кешелі бері киім-кешек, азық –түлік, көрпе-жастығын құшақтап жүздеген адам келген.

Дәмен Өмірбек, «Зекет» қорының жетекшісі:

-Киімдей, заттай әкеліп жатыр. Баланың ойыншықтарына дейін. Тіпті, кейбіреу ақшалай әкеліп жатыр. Ақшаны да қабылдап жатырмыз.

Қазір Ақтөбеде жылу жинайтын еріктілер тобы қаптап кеткен. Бірақ барлығына бірдей сене беруге болмайды дейді шенеуніктер. Өйткені, біреудің қайғысын пайдаланып, өз қамын күйіттейтіндері де бар. Үйлерін су басқан жұрт ұрылардан да қорқады. Кәдеге жарайтын дүние тіпті қазір де қарақшылардың қолында кетіп жатыр екен.  

-Тонап кетті. Енді бүкіл қорапта  тұрған ыдыс-аяқ, киімдерімді, көрпе көпшікті алып кеткен ғой. 

Бүлінгеннен бүлдіргі алуға бейім адамдарды ұстау үшін тәртіп сақшыларына күні-түні күзетте тұруға бұйрық берілді. Олар көмекке еріктілер де тартылса артық етпейді деп отыр. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде