{metadescription}
0:000:00
Алматы тұрғындары ескі үйлердің маңына жаңа ғимарат салуға қарсылық білдірді

Алматы тұрғындары ескі үйлердің маңына жаңа ғимарат салуға қарсылық білдірді

Тоғыз қабатты екі үй салу үшін балалар алаңқайының тас-талқанын шығармақшы Олар құрылыс компаниясының әрекетін құқық бұзушылық деп отыр. Әкімдіктегілер де жұрттың талабына құлақ аспайтын көрінеді. Алайда жергілікті билік өкілдері халықтың дүрлігуіне еш негіз жоқ, бір ескі алаңқайдың орнына жаңадан екеуін салып береміз дейді. 

Бұл ауламыздың астан-кестеңін шығаруға жол бермейміз дейді жиналған жұрт. Ескі екі үйдің маңына жаңа баспана салынып, бұрынғылары бұзылады дегенді естіген тұрғындардан маза кетті. Олар құрылыс компаниясы балалар алаңқайын қиратып, ағаштарды кесіп айналасына зиянын тигізеді деп алаңдап отыр.

Владимир Катасонов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Біз тұратын мына ауданда балалар ойнайтын жалғыз жер бар еді, енді оның орнына тоғыз қабатты екі үй салады деп жатыр. Мына жердің бәрін қоршап тастамақ. Біз бұған қарсымыз. Балалар қайда ойнауы керек. Оның үстіне ағаштардың бәрін кеседі.

Наталья Шведцова, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жер сілкінгенде осы жерге жиналатынбыз. Енді төтенше жағдай болса не істейміз? Бізде қауіпсіздік дегенге ат үсті қарайды. Шығын болмай қозғалмай қозғалмайды жұмсақ орындарынан....

Тұрғындар ертең мұнда көлік қаптап кететініне де алаңдайды. Егер 9 қабатты екі үй салса, балалар алаңқайы тұрмақ аттап басуға жер қалмайды. Олар ескі үйдің тұрғындарына басқа ауданнан жер берсін, ал үй салса төрт қабаттан асырмасын деп отыр. Ал әкімдік қызметкерлерінің бұған қатысты өз жоспары бар.

Ермек Бейсеуов, Алмалы ауданы әкімінің орынбасары:

-Балалар алаңқайын ешкім қиратқалы жатқан жоқ. Оның орнына жаңа екеуін саламыз. Ал құрылысты бүгін-ертең бастап кетеді екен деген өтірік. Үйді салу үшін барлық тұрғындардың келісімі керек...

Әкімнің орынбасары шулаған халықты сабырға шақыру үшін инвесторды да ерте келіпті. Бірақ құрылысқа жауаптылар салынатын үйлердің орнын нақты көрсете алмай кібіртіктеді. Сөзінен ұққанымыз жыл соңына дейін тоғыз қабатты үйдің бірін пайдалануға беруі керек екен. Төбеден тапсырма түссе,төмендегі халықтың мәселесі кейінге ысырылатынын ескерсек, Мәуленов көшесіндегі екі үйдің жыры жақын уақытта бітпейтін сыңайлы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде