{metadescription}
Оңтүстік Қазақстанда ірі көлемде есірткі тасымалының жолы кесілді
Оңтүстік Қазақстанда ірі көлемде есірткі тасымалының жолы кесілді

Оңтүстік Қазақстанда ірі көлемде есірткі тасымалының жолы кесілді

48 және 47 жастағы екі азамат 7 жарым келі героинді алып кетіп бара жатқан жерінен қолға түскен. Полицейлер олардың көлігін тінту кезінде табылған есірткіні көрген кезде өздері де таңғалыпты.

Тасымалдаушы екеу пластикалық құтыларға салынған ұнтақты көліктің артқы орындығына тастай салыпты. Сараптамадан өткізгеннен кейін оның таза героин екеніне көз жеткізген. Қара базарда мұндай есірткінің бір келісі теңгемен миллиондарға бағаланады. Осындай тауарымен ұсталған  екі азамат та қазір тергеу абақтысында жатыр. Ал, полицейлер героиннің қайдан келгенін және қайда жөнелтілгенін анықтауда. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

17 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде