Шығыс Қазақстанда дала өрті өршіп тұр
Металлург ауылы мен Шешек шатқалының маңындағы жерлер жанып кеткен. Тауда басталған өрт жазық далаға жетіпті.
Автор: Олжас Байжан
18.04.2017
Қураған шөп қаулай жанып, қатты соққан жел жағдайды одан сайын қиындатқан. Соның салдарынан қызыл жалын үлкен аумаққа таралып үлгерді. Тілсіз жаумен арпалысуға 25 өрт сөндіруші мен 4 арнайы көлік жұмылдырылып, түс қайта өрт ауыздықталды. Өңірде әлі күн ысымағандықтан, бұл жағдай адамдардың салғырттығынан болуы мүмкін деген болжам бар.
Павел Ларионов, Өскемен қалалық №3 өрт сөндіру бөлімшесі бастығының орынбасары:
-Өрт ошағына арнайы көлікпен жету мүмкін болмады. Себебі, шатқалда көлікке арналған жолды айтпағанда жаяу жүрудің өзі қиын. Асулардың арғы жағындағы жағдайды болжай да алмай тұрмыз. Дегенмен өрт сөндіріліп, онда кезекші топ қалдырылды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!