Тәжікстан президентінің ұлы бүгін ел астанасы Душанбенің мэрі болып сайланды
Халық депутаттарының кеңесі 29 жастағы Рустам Эмомалидің кандидатурасын бірауыздан қолдаған. Негізі Эмомали Рахмонның ұлы бұл қызметті қаңтардан бері уақытша атқарып келген болатын. Ал бұған дейін жемқорлыққа қарсы күрес және қаржы бақылау агенттігін басқарыпты. 29 жастағы жігіт енді Душанбеге жауап бермек. Сарапшылар мұны «үлкен ұлды билікке дайындау» деп бағалады. Өйткені, былтыр өткен референдумға сәйкес президенттікке үміткерлердің жасы 30 жасқа дейін төмендетілген болатын. Яғни, Рустам Эмомали 3 жылдан кейін президент сайлауына түсе алады.
Автор: Аруна Ортай
18.04.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!