Қазақстан мен Түркіменстан арасындағы шекарада шектеу болмайды
Екі ел басшылары бұл саладағы түйткілдерді түбегейлі шешетін стратегиялық келісімге қол қойды. Бүгін қазақ еліне мемлекеттік сапармен Түркіменстан президенті Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов келді. Нұрсұлтан Назарбаев әріптесін барлық сән салтанатымен қарсы алды.
Автор: Жәудір Оразхан
18.04.2017
Түркіменстан мен Қазақстанның ортасында айтарлықтай келіспеушіліктер мен қиындықтар жоқ екен. Яғни, Назарбаев пен Бердімұхамедов тек бүгінге дейінгі қалыптасқан қарым-қатынасты әріқарай дамыту жайын сөз қылды. Экономикалық, сауда-саттық, мәдени-гуманитарлық сала да жүйеге қойылған. Екі мемлекеттің бірлескен ірі жобаларының бірі ретінде - Қазақстаннан Түркіменстан арқылы Иранға алып баратын темір жолды ерекше атауға болады. Енді қос елдің Қаржы министрлері қылмыстық жолмен иеленген дүние-мүлікті заңдастыруға және терроризмге қарсы бірлесіп күреспек. Және қазақ-түркімен кәсіпкерлері де тығыз байланыс орнатады.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан Республикасының президенті:
-Бүгінде Қазақстан мен Түркіменстан Орталық Азиядағы бауырлас әрі көршілес әріптестер болып табылады. Барлық басқа бағыттар бойынша жоғары деңгейде түсіністікке қол жеткіздік. Сындарлы диалог өткіздік. Арамызда ортақ тиімді шешім табылмаған бір де бір түйіткілді мәселе жоқ.
Ғұрбанғұлы Бердімұхамедов, Түркіменстан президенті:
-Бүгінде Түркіменстан мен Қазақстан арасындағы сауда-экономикалық байланыс жаман емес. Қазір әлем бойынша экономикалық қиындықтар байқалады. Бірақ, оған қарамастан, біздің қарым-қатынасымыз нығайып келеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!