Тасқыннан зардап шеккен ақтөбеліктерге киім-кешек жетіспей жатыр
Ал осы өңірге гуманитарлық көмек жинап, жөнелтіп жатқан жатқан алматылық еріктілер жұртты жөні түзу киім-кешек әкелуге шақырды.
Автор: Ербол Тұрымбет
18.04.2017
Николай Пак, ерікті:
-Бізге жаңа заттар керектігін айтқымыз келеді. Өйткені жұрттан жиналған жылудың барлығы жаңа бола бермейді. Ал біздің бүкіл дүние-мүліктің ескі-жаңасын ажыратып отыратын уақытымыз жоқ.
Алматылықтар қазірдің өзінде тұрмысқа ең қажетті деген киім-кешек, төсек, жеке гигиеналық заттар мен азық-түлікті біршама жинап үлгерген. Сөйтіп, бұл қаладан гуманитарлық көмек тиелген бірінші жүк көлігі бүгін Ақтөбеге жөнелтілді. Айта кетерлігі, тасымалдаушылар да көмек қолын созып, тегін апарып бермекші екен. Оны сол жақтағы еріктілер күтіп алып, қажетті заттарды діттеген жеріне жеткізеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!