Ақмола облысын жайлаған топан су Солтүстік Қазақстанға жақындап келеді
Ақмола облысын жайлаған тасқын енді жылдам қарқынмен Солтүстік Қазақстанға жақындап келеді. Арнасына сыймай тасып жатқан өзендер елді-мекендерді шайып кетуі мүмкін. Бұл тағы мыңдаған шаңыраққа қауіп төніп тұр деген сөз.
Автор: Досжан Маратұлы
19.04.2017
Мұндай болжамды «Қазгидромет» жасады. Қазір солтүстікте құтқарушылар өзендердің деңгейін күні түні бақылап, құмнан қамал жасап жатыр. Ал, жандарын шүперекке түйген жұрт, топан су келсе үдере көшуге дайын. Қостанай, Жамбыл мен Шығыс Қазақстан облыстарына төнген қауіп те, сейілмей тұр дейді синоптиктер. Оның үстіне таулы аймақтарда сел жүруі ықтимал. Өйткені, еріген қармен қоса жауынның төпелеп жаууы тасқынмен күресті одан бетер ушықтырып жіберуі мүмкін.
Гүлмира Әкішева, «Қазгидромет» РМК орталығының департамент басшысы:
- Сәуір айының 21-24 аралығында тұрақсыз ауа райы күтіледі. Бұл кезде еліміздің батысы Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Ақмола, Қарағанды, Алматы мен Жамбыл облыстарында тіпті қатты жаңбыр жаууы ықтимал.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!