{metadescription}
Тасқынның алдын алу үшін мемлекеттік бағдарлама құрылуы мүмкін
Тасқынның алдын алу үшін мемлекеттік бағдарлама құрылуы мүмкін

Тасқынның алдын алу үшін мемлекеттік бағдарлама құрылуы мүмкін

Тасқынның салдарымен емес, себебімен күресу керек! Өйткені, жыл сайын топан сумен күреске бюджеттен қыруар қаржы бөлінеді. Алайда, мәселенің түйіні сол күйі шешілмей тұр. Атқамінерлер болса бір-бірін айыптаудан әріге аса алмайды немесе табиғатты кінәлайды. Ал осы кезде, тасқын зардабын мыңдаған отбасы тартып жатыр. Бүгін мәжілісмен Владислав Косарев тасқынның алдын алу үшін премьер-министрден  мемлекеттік бағдарлама құруды талап етті.

Сәуір келді дегенше, өзен, көлдің маңындағы елді мекендерді су басты дей беріңіз. Соңғы кезде тасқын жылда қайталанатын жүйелі апатқа айналды. Үкімет қыс бойы бөгеттер мен су қоймаларын тексеріп, жөндеуден өткіздік, тонналаған қарды күреп, сыртқа тасыдық  деп талай жиын өткізеді. Алайда, күн жылып, қар ерісе болды, аймақтар топан судың астында қалады. Кейін шенеуніктер қираған үйлерді, бұзылған жол мен қырылған малдың шығынын өтейміз деп қазынадан миллиардтар бөледі. Енді депутаттар тасқынның алдын алуға кірісетін кез келді деп отыр. 

Владислав Косарев, Мәжіліс депутаты:

-Қажетті қаржыны бөліп, табиғи апаттарға қарсы мемлекеттік бағдарлама құру қажет. Сөйтіп, мәселені жоспарлы түрде түбегейлі шешейік. Онсыз да жыл сайын төтенше жағдайға деп миллиардтар жұмсалуда. Бұл мәселені жылда айтамыз, бірақ, шешімі жоқ.

Яғни, шененуніктердің қыс бойы жүргізген дайындығы құр сөз болып шығады. Сөйтіп, жұрт суға кетіп жатқанда министр, әкім мен құтқарушылар    кінәліні таппай, бір-біріне сілтейді. Табиғатты айыптайды. Ішкі істер министрлігі биыл «дәл болжам жасай алмады» деп «Қазгидрометке» кінә тақты. Қателік жібергендерін синоптиктер де мойындады.

Дидар Жәнібекұлы, «Қазгидромет» РМК»  гидрология департаментінің директоры:

- Біз алдын ала 11 су қоймасына қатысты болжам жасадық. Бірақ, өкінішке қарай қателескен жерлеріміз де болды. Мәселен, Астана, Кеңгір, Самарқанд  су қоймасы жайылып кетеді деп ойламадық. 

Кінәліні тапқаннан үйсіз қалған тұрғындарға еш пайда жоқ. Тасқынның алдын алудың жалғыз жолы бар дейді мамандар. Су шаруашылығы саласында 40 жыл жұмыс істеген Бисен Қуановтың айтуынша, өзеннің тасуына бірнеше себеп бар. Біріншіден, күздегі тоңның қалың боп қалыптасуы, екіншісі қардың көптігі, ал үшіншісі – күннің күрт жылынуы. Дегенмен, апат қайдан келеді деп қарап отыруға болмайды. Қайта оның алдын алу үшін қам жасау керек.

Бисен Қуанов, су шаруашылығының маманы:

-Су реттегіш құрылғыларының болғаны дұрыс.Әр уақытта бізде су жылма жыл келмейді, нормадан аз келеді деп біз отырмауымыз керек. Ол табиғат өзінің дегенін жасайды. Міне, сондай жағдайларда су реттегіш құрылғылары керек. Жаңағы өзектерден басқа. Енді оның бәріне қаражат керек, мүмкіндік те болмай жатқан болар. Бірақ, болашақта мұның бәрін реттеп қойған дұрыс қой деп есептеймін.

Мәселен, Оңтүстік Қазақстандағы Көксарай су реттегіші салынғалы бұл өңірдің  тұрғындары тасқынның азабынан құтылды. Сырдариядан асып-тасыған су Көксарайға жиналады. Сондықтан қар қалың түсетін аймақтарға бір-бірден су реттегіш салмайынша, азаптан құтылатын күн алыс сияқты.

Сондай-ақ, еңбекақылары екі есе өскен депутаттар тасқыннан зардап шеккендерге бір күндік жалақыларын аударды. Және өзен, көл жағасындағы қалалар мен ауылдардың бас жоспарын қайта қарау керек деп отыр. Яғни, мәжілісмендер су шайып кеткен елді-мекендердің орнына қайта үй салмауды ұсынды. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

25 қаңтар

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде