{metadescription}
Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккен он жасар қыздың жанайқайы жұрттың жүрегін елжіретті
Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккен он жасар қыздың жанайқайы жұрттың жүрегін елжіретті

Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккен он жасар қыздың жанайқайы жұрттың жүрегін елжіретті

Ақтөбеде тасқыннан зардап шеккен он жасар қыздың жанайқайы жұртың жүрегін елжіретті. 4 сыныпта оқитын Махаббат Ешімованың үйін су шайып, әкесі күйзелістен жүрек талмасымен ауруханаға түскен. Қазір қарашадай қыздың отбасына көмек қолын созуға хабарласушылар көп. Ал тасқын қаупі аймақта әлі сейілмей отыр. Кешелі бері су тағы да бірнеше ауылға кірген. Құтқарушылар дереу үш жүзге тарта адамды құрғақ жерге көшіріп үлгеріпті.

-Бұлай бізді неге қорлайды? Біздер осы жаққа маңдай  терімізбен бір тиындап жинадық осы үйге. Бәріміз  суға кетіп жатырмыз. Келсе тез келмей ме?

Тасқыннан зардап шеккен қарашадай қыздың жылап тұрып айтқан бұл сөздері ешкімді бейжай қалдырмады. Қазір отбасымен мектептің спорт залын паналап жүрген Махаббат Ешімованың жағдайын сұраушылар көп. Үйін су алған күні ол ең алдымен  оқулықтарын уайымдаған. Өйткені, мектептен алған кітаптарын жыл аяғында қайтып беруі қажет екен. Арқа сүйер әкесі де тасқыннан соң күйзеліске ұшырап жүрек талмасымен ауруханаға түсіпті.

Махаббат Ешімова, оқушы:

-Үйіміз құлап, бар жиғанымыз сол үйде қалып қойды. Ал біз 40- шы метепке келдік. Сондықтан маған кітап та, бәрін беріп жатыр. Алайда мен тағы бір үміт күтемін. Ол анам мен әкемнің, әкемнің операциядан аман шығуын күтемін.

Махаббаттың отбасы секілді үйлерін су басқандар күненен күнге көбейіп келеді. Кешелі бері Қарғалы өзені арнасынан асып, бойындағы Садовый мен Солнечный елді-мекендері тұрғындарын әуреге түсірген. Құтқарушылар дереу үш жүзге тарта адамды құрғақ жерге көшіріп үлгіріпті. Дегенмен, баспанасын тастап кетуден бас тартқандар да бар.

Лидия Ерофеева, Садовый ауылының тұрғыны:

-Үйіме құтқарушылар қайықпен жетті. Бірақ мен ешқайда бармаймын. Жасарымды жасадым, асарымды асадым. Енді үйден безіп жүрер жайым жоқ. 

Қайта, Садовый ауылындағы судың беті тез қайтқан. Өйткені, ауыл арасындағы тас жолды дереу бұзып, өзен арнасын бұрып үлгіріпті. Ал Солнечныйдағы жағдай мәз емес. Баспаналар белуардан суда тұр.

Төтенше жағдайлар департаментіндегілер қала маңындағы өзен деңгейін сәт сайын өлшеп отыр. Бірақ ең қызығы судың көтерілгендігін анықтайтын арнайы құралдары жоқ, тек қолдарына құр таяқты ұстатыпты. Сондай-ақ, бұл аймақтағы президент резиденциясын да су басу қаупі бар. Мәртебелі меймандарды қабылдайтын бұл жерге, сақтық үшін жиырма шақты арнайы техника көлік жеткізіп қойыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде