{metadescription}
Қостанай облысында жүздеген үй топан судың астында қалды
Қостанай облысында жүздеген үй топан судың астында қалды

Қостанай облысында жүздеген үй топан судың астында қалды

Ал аймақтардағы ахуал әлі де күрделі. Әсіресе Қостанай облысында. Мұнда 4 бірдей аудан тасқын зардабын тартып жатыр. Жүздеген үйді су басқан. Құтқарушылар тұрғындарын қауіпсіз жерге көшіруде. Жергілікті төтенше жағдайлар қызметі тасқынның беті қайта бастады дегенімен, топан су Қарасу ауданындағы 8 елді-мекенге кез-келген уақытта жетуі мүмкін. 

Қызыл судың әлегі Қостанай облысын да әуреге салып жатыр. Соңғы 9 күн ішінде 4 бірдей ауданда су апаты орын алған. Ал суға кеткен үйлер саны жүзден асады. Қазіргі уақытта Наурызым, Әулиекөл, Сарыкөл аудандарында қауіптің біраз беті қайтқан. Алайда, Қарасу ауданында 8 елдімекен әлі де қауіп өртінде тұр.

Уәлихан Досанов, Қостанай облыстық ТЖД-нің бас маманы:

- 171 адам қауіпсіз жерге көшірілді. Барлығы да туған-туыстарының уйіне орналастырылып жатыр. Сондай-ақ, олардың мал-мүлкі де қауіпсіз жерге шығарылып жатыр. Тұрғындарды су апатынан сақтандыру үшін құтқарушылардан бөлек, жергілікті әкімшілік пен полиция қызметкерлері түгел атсалысуда.

Облыстық төтенше жағдай департаменті өкілдерінің айтуынша, облыс аумағында арнасынан тасып жатқан өзен жоқ. Ал жұртты әбігерге түсіріп жатқан қыстайғы жауған қар мен мұздықтардың еріген суы екен.

Сергей Карплюк, Қостанай облысы әкімінің орынбасары:

-Облыс әкімінің шешімімен тасқын салдарынан малынан айрылған азаматтарға 100 пайыз өтемакы төленетін болды. Қазіргі уақытта 2 бірдей комиссия жұмыс істеп жатыр. Олар уйді-уйді аралап, шығындарды есептеп шығатын болады.

Жалпы облыс аумағында тасқынның әуелгі қарқынының біраз беті қайтқан. Дегенмен, қызыл судың қаупі оқтын-оқтын әр жерде көрініс беріп жатыр. Сондықтан, құтқарушылар су тасқынының әлі де қайталануын жоққа шығармайды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде