{metadescription}
Павлодар облысында шенеуніктердің шала ісі жұрттың ашуын туғызды
Павлодар облысында шенеуніктердің шала ісі жұрттың ашуын туғызды

Павлодар облысында шенеуніктердің шала ісі жұрттың ашуын туғызды

Павлодар облысында бау-бақшаға тартылған су құбырынан айырылған жұрт, бұған жол берген атқамінерлерге өкпелі. Көктөбе елді мекені тұрғындарының айтуынша, ескі құбырларды ауыстырып береміз деген шенеуніктер істі соңына дейін жеткізбей тастаған. Соның кесірінен жұрт екі маусымнан бері бау-бақша еге алар емес. Негізі құбырды ауыстыруға бюджеттен 32 миллион теңге бөлінген екен. 

Батырхан Төлеуханов – көп балалы әке. Бұған дейін бақшаға сәбіз, қызанақ, қияр сияқты көкөністерді еккен отағасы екі жылдан бері мұнда картоптан өзге дым өспейді дейді. Оған судың жоқтығы себеп. Тозығы жеткен жазғы құбырларын жаңартамыз деп сендірген атқамінерлер оны сол күйі қоспай қойған.

Батырхан Төлеуханов, Көктөбе ауылының тұрғыны:

-Су берген жылдары бақшадан өзіме жететін картоп алатынмын. Биыл тағы су болмайтын түрі бар. Жаңа құбырларды көрдіңіздер, солай тастап кетті.

4 мыңнан астам тұрғыны бар Көктөбенің әр үйінде осы жағдай. Ал бірнеше жыл бұрын орнатылған мына құдықтардан мүлде пайда болмапты. Ащы суды адам түгілі, мал ішпейді. Былтыр салынуы тиіс мына жазғы құбырлар болса қыста қар астында қалып, енді тіпті шіруге айналған.

Мәкен Ниязбекова, Көктөбе ауылының тұрғыны:

-Колонканың суын  ішуге де болмайды.  Бақшаға құюға болмайды. Егер құйсаң тұз боп қалады су. Сондықтан қурап қалады.

Ал ауыл әкімі мердігерге шаң жуытар емес. Бюджеттен бөлінген 32 миллион теңгенің әлі игерілетінін жеткізген шенеунік мәселе көп ұзамай шешіледі деп отыр.

Сәкен Сағынбаев, Көктөбе ауылының әкімі:

-17 шақырым су құбыры, оның 9 шақырымын жөндеуден өткізіп түгел ауыстырып жатыр. Бірінші маусымда су құбыры толық қосылады. Кепілдік береміз.

Ауылдықтардың бас ауруына айналған жазғы су құбырлары қазір мұндағы әр көшеде шашылып жатыр. Ал бюджеттен бөлінген миллиондарды қалтасына басқан мердігер былтыр қардың ерте түсуіне байланысты жұмысын аяқтай алмай қалған көрінеді. Мұны растаған шенеуніктер жазғы су құбыры маусым айына дейін қосылады деп ант су ішуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде