«Ақтөбе» мен «Ақжайықтың» фанаттары тура көшеде төбелесті
Оралда жанкүйерлер жаға жыртысты! Оқиға куәгерлерінің айтуынша, ақтөбелік команданың жанкүйерлері стадионға бара жатқанда ұрандапы шулаған әрі көлік қозғалысына кедергі келтірген. Ал алаңға жақын қалған сәтте қарсылас команданың фанаттарын ұшырастарып, солармен төбелесіп қалады. Матчты көру үшін Ақтөбеден Оралға небәрі 85 адам барған екен. Бірақ солардың 9-ы ақыры ойынды тамашалай алмады. Себебі, тәртіп сақшыларының қолына түсті. Бұзақылық бабы бойынша тергеу жүріп жатыр. Ал ойынның өзі тең өтіп, тек пенальти бойынша Ақтөбе жеңіске жетті.
Автор: Олжас Байжан
20.04.2017
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Кеше
Серіктестер жаңалықтары