Елімізде алимент төлемей қашып жүрген әкелердің берешегі 7 миллиард теңгеге жетті
Сот орындаушылары қыруар қаржыны қалай өндірерін білмей дал. Осы кезде 300 мыңнан астам іс олардың кабинетінде шаң басып жатыр.
Автор: Досжан Маратұлы
20.04.2017
Өйткені, жауапсыз әкелердің көбі денсаулығым сыр берді, жұмыс таппадым деген сан сылтау айтады екен. Әрі пәтер, көлік пен дүние-мүлкін туыстарының атына жазып қойған. Бір сөзбен айтқанда, заң жүзінде дымы жоқ. Сондықтан сот орындаушылары олардан соқыр тиын да өндіре алмай діңкелеп жүр. Осы мәселе талқыланған Мәжілісте бүгін мемлекеттік алимент қорын құру мәселесі қайта сөз болды. Яғни, ұл-қызына бір тиын да татырмайтын азамат үшін ақшаны Үкімет беріп, кейін шығын жауапсыз әкелерден өндірілмек. Бірақ оның қайтарымы болатынына күдік бар. Әрі оған бюджеттің миллиондары қажет. Әзірге баласына алимент төлеуді парыз емес, қарыз деп түсінетіндермен күрес күшейтілмекші.
Маргарита Одинцова, Жоғарғы соттың судьясы:
-Алименттен жалтарған әкелер көп. Арасында қымбат көлік мініп, шетелге демалуға баратындар бар. Міне осындай ерлерді әкімшілік тіпті қылмыстық жауапқа дейін тартуымыз керек.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!