Еліміздің ең үздік программистері Сингапурда тегін оқуға мүмкіндік алды
Жүзден жүйрік шыққан жастар әлемге әйгілі алпауыт компанияларда озық технологиялармен танысады.
Автор: Аруна Ортай
21.04.2017
Арнайы байқауда алға суырылып шыққан жастар екі апта бойына Сингапурда тегін білім алады. Яғни технологиялардың төресі саналған IT-компанияларда тәжірибе жинақтайды. Мұндай керемет мүмкіндікті Тұңғыш президент қоры беріп отыр. Жастардың тамағы, жолы, жатар жері де су тегін. Ең бастысы, шетелде алған білімін өз еліміздің игілігіне жаратуы керек. Ұйымдастырушылар осы «Smart Zholy» жобасы арқылы жастарды сырт мемлекеттерге жиі жіберіп, отандық инновациялық өнімнің санын арттырмақшы.
Дәурен Абаев, ҚР Ақпарат және коммуникация министрі:
-Жобаға қатысушылар отандық инновациялық өнімдер қатарын арттырып қана қоймай, озық елдердің ақпараттық технологиялар саласындағы тәжірибесін ел и гілігіне жаратады деп сенеміз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!