Алматыда отандық хирургтер тікелей эфирде ота жасады
Инсульттан 1 сағатта жазып шығарды.Алматыдағы Президент іс басқармасына қарасты Орталық клиникалық аурухананың хирургтері 10 жылдан бері осы дертпен ауыратын әйелге тікелей эфирде ота жасады.
Автор: Аруна Ортай
21.04.2017
Ота жасалып жатқан онлайн-трансляцияны үлкен қалалардан бастап, ауылдағы дәрігерлерге дейін қарап отырды. Жалпы еліміз бойынша 200 мыңнан астам адам инсультпен ауырады екен. Сорақысы сол, оның алдын алу бұған дейін мүмкін болмаған. Медицинада тағы бір қадам алға басқан орталық клиникалық аурухана дәрігерлері бүгін бірінші рет жамбас тамырлары арқылы миға жетіп, науқас әйелді небәрі 1 сағатта емдеп шығарды. 50 жастағы пациенттің жағдайы қазір қалыпты. Дәрігерлердің айтуынша, өзін 10 жылдан бері мазалаған инсульттан ол толық жазылды.
Ержан Әділбеков, Инсульт мәселесі бойынша республикалық үйлестіру орталығының директоры:
- Осы ота арқылы инсульттің 80 пайызының алдын алуға болатын еді. Озық елдер қазір бұл отаны күнде жасап жатыр. Өкінішке қарай, біздің елде науқастардың өздері оған көп мән бермейді. Болмаса, инсультті бас ауруынан ажырата алмай жатады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!