Алматы облысында педофилді ұстап берген оқушы университетте тегін оқитын болды
Бозбала ерлігі үшін марапат алды! Алматы облысында қаршадай қызды педофилден құтқарып қалған оқушы енді Қазақ ұлттық аграрлық университетінде тегін оқитын болды. Білім білім грантын бүгін оған облыстың атқамінерлері табыстады.
Автор: Олжас Байжан
21.04.2017
Тимурбек Жамаладдинов қазір Түрген ауылындағы мектептің 11-ші сыныбында оқып жүр. Естеріңізге салсақ, өткен жұмада осы Түргенде 32 жастағы жігіт 2-ші сынып оқушысын күштеп сайға апарып, сол жерде арам ойын іске асырмақшы болған. Бірақ қаршадай қыздың жан даусын естіген Тимурбек көмекке ұмтылып, жеткіншек аман қалған еді. Осы ерлігінің арқасында елге танымал болып шыға келген бозбала бүгін грант қана емес, қымбат ұялы телефон, планшет пен Білім министрлігінің алғыс хатын да алды.
Тимурбек Жамаладдинов:
– Мен бұны ерлік деп есептемеймін. Менің орнымда басқа адам болса осылай істейді деп ойлаймын. Мамандығым мал дәрігері болу, өзім малға қызығамын – жылқыға.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!