Жамбылда шетел жүргізушілерін тонаған полицейлер сотталды
Жамбылда Тәжікстан азаматтарын тонап кеткен екі тәртіп сақшысы мен бір жергілікті тұрғынға қатысты сот үкімі шықты. Полицейлер 3 жыл жеті айдан жаза арқаласа, 25 жастағы олардың сыбайласы да сол мерзімге, бірақ шартты түрде сотталды.
Автор: Руслан Әбдіхалық
21.04.2017
Қылмыс жасап алып, енді бет-жүзін көрсетуге қымсынғандардың үкімі қатал болуы мүмкін еді. Бірақ рақымшылыққа ілініп, жеңілдетілді. Екі тәртіп сақшысы өздеріне тағылған айыппен тек ішінара келісті. Ал 25 жастағы азамат кінәсін толық мойындаған. Естеріңізге салсақ, өткен жылдың қараша айында Ресейден үш жүк көлігімен келе жатқан тәжікстандықтарды екі инспектор мен тағы үш жігіт қорқытып, 250 мың рублін тартып алған. Артынша, екі полицей мен бір жергілікті тұрғын ұсталып, оларға қатысты құзіретін асыра пайдалану және қарақшылық бабы бойынша іс қозғалды. Ал, сол жерде болған тағы екі жігіт әлі табылмай жатыр. Іздеуде жүргендердің біреуі есірткі бизнесіне қарсы күрес басқармасының өкілі екен.
Қалифа Қосалиева, судья:
-Бұлар емлекеттік қызметте лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылды. Меншігіндегі қылмыстық жолмен табылған немесе қылмыстық емес жолмен табылған қаражатқа сатып алынған мүлкін тәркілеу туралы шешім қабылданды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!