{metadescription}
Көкшетауда шашын қидыруға келгендерге есірткі сатқан жігіт ұсталды
Көкшетауда шашын қидыруға келгендерге есірткі сатқан жігіт ұсталды

Көкшетауда шашын қидыруға келгендерге есірткі сатқан жігіт ұсталды

Көкшетауда шаш етектен пайдаға кенелгісі келген шаштараз өз кәсібімен қатар есірткі саудасымен де айналысқан. 23 жастағы жігіт тура жұмыс орнында газетке оралған марихуананы сатып тұрған жерінен қолға түсті.

Көкшетаудағы салондардың бірінде жұмыс істейтін шаштараз ерлерге қызмет көрсеткен. Шаш қию, сәндеумен қатар ол осы өзінің жұмыс орнында есірткі саудасын да қыздырыпты. Яғни бұл салонға келген оның клиенттерінің көбінің басты мақсаты шаш қиғызу емес, есірткі сатып алу болған. Ұсталған жігіттің айтуынша, есірткіні өзі қолданбайды екен. Өзгелерге сатып, табыс көзіне айналдырған. Қазір тергеу абақтысына қамалған оған енді ұзақ уақыт тек камераластарының шашын қиюға тура келетін сыңайлы. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

24 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде