Қираған үй, шашылған қоқыс! Назарбаев Астананың шынайы келбетін көрсетті
Бас қаланы аралап шыққан президент бүгін әкім Әсет Исекешовтің кемшілігін нақты айғақтармен бетіне басты. Орталықтағы лас көше, қираған үйлер, көлік кептелісі Елбасының ашуын келтірді. Өйткені, жарнамасы жер жарған ЭКСПО-ға санаулы күндер қалды. Халықаралық көрме өтетін нысандар дайын болғанымен, шаһардағы бейберекетсіздік туристердің алдында ұятқа қалдырады деп қынжылды мемлекет басшысы.
21.04.2017
Негізі, астаналық шенеуніктер бүгін Нұрсұлтан Назарбаевқа ЭКСПО нысандарының құрылысын көрсетіп, таң қалдырмақ болған. Бірақ, керісінше, президент Астана әкімінен бастап қаланың тыныс-тіршілігіне жауапты ақжағалыларды шетінен ұялтты. Елбасы жиынға өзімен бірге бас шаһардағы бар былықты әшкерелейтін видео, фото материалдар ала келген. Сөйтіп, қаланың әр бұрышындағы кемшілікті Әсет Исекешевтің көзіне шұқып тұрып көрсетті. Президенттің Астанаға мұқият мән беруіне негіз бар. Өйткені, бір жарым айдан кейін Астанада басталатын көрмеге 2 миллионнан астам қонақ келеді деп жоспарланып отыр.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:
-Раз уж мы гостей принимаем, шею-то надо мыть, желательно. Посмотрите фасады наших некоторых домов. Прямо у Президента "под носом" все эти плитки выпали, никому дела нет. Посмотрите, как у нас выглядит центр города. Смотри. С той стороны театр оперы знаменитый наш, видишь? Еще другие места есть, вот, в центре города. О чем мы говорим? Туда туристы пойдут, сфотографируют, покажут по всему миру. Лицо помыли, а задница вся дырявая, смотри.
Яғни, Астананың іші толған қоқыс, көпқабатты үйлердің айналасы ми батпақ. Сондай-ақ, қалада бас жоспарға қайшы келетін 15 мың саяжай бар екен. Президент сол жайылып жатқан жер үйлерді шетінен сүріп тастап, орнына тұрғын үй кешендерін тұрғызуды тапсырды. Есесіне Елорданың аумағын кеңейтуге тыйым салды. Себебі, жаңа баспаналар бой көтерген сайын жұрт жаппай Астанаға қарай ағылуда. Қазір онсыз да тұрғын саны артқаны сонша, бір үйде 1700 адам тіркелген. Президент тіпті интернетте өріп жүрген ақылы тіркеуге қатысты хабарламаларды өзі оқып берді.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:
-Прописка в Астане – дёшево, через ЦОН. Адресная справка – 15 минут. Прописка постоянная, временная, законно – через ЦОН. Помогу восстановить удостоверение личности, загранпаспорт даже делаю. Значит, МИД у нас продаёт паспорта? Что за безобразие? Тут есть министр? Сегодня после обеда разберись, что за люди у нас продают регистрацию.
Астанаға тіркеуге тұрғандар кейін мемлекеттік бағдарлама бойынша баспана талап етеді. Ал бұдан бұлай тегін үй мүлдем болмайды деді президент.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:
-Я об этом неоднократно говорил. Мы все понимаем. Мы уже ветеранов войны десятикратно обеспечили квартирами, их детей, внуков, правнуков. Надо честь иметь. Мы уважаем, ценим, всё делаем. Но надо же смотреть.
Астанадағы баспанадан бөлек тағы бір мәселе бар. Ол көлік қозғалысы. Шенеуніктер әлі күнге дейін жолдағы кептелісті реттей алмай отыр. Көпқабатты үйлердің ауласында да адам аяқ басып жүре алмайды. Сондықтан президент Исекешовке әкімнің қандай болу керектігін тағы үйретуге мәжбүр болды.
Нұрсұлтан Назарбаев, Қазақстан республикасының президенті:
-Хороший мэр города должен быть хорошим мэром города. Он встает в 5 часов утра, объезжает весь город вместе с замами и аппаратом, потом приходит на работу, говорит: "Пока Президент сейчас приедет, чтобы все помыли-почистили-побелили". Я теперь сейчас до EXPO буду рано выезжать, сначала буду объезжать весь город, потом буду приезжать на работу, если ты этого не хочешь делать.
Елбасы астаналық шенеуніктер ғана емес кәсіпкерлерге де қатаң ескерту жасады. Өйткені, қаладағы дүкен, асхана мен мейрамханаларда қызмет көрстеу деңгейі төмен.
-Президенттің екі сағаттық сын-ескертуінен кейін шенеуніктер зәулім ғимараттардың артында үйілген күл-қоқысты тазартып, ескірген үйлерді сүріп, шаһардың көркін кіргізуі тиіс. Астана әкімі Әсет Исекешовтің уақыты өте аз. Өйткені, тура 50 күннен соң астаналық атқамінерлердің алдында "ЭКСПО" дейтін үлкен сынақ тұр. Егер алда-жалда бас қала туристерге жақпай қалса, шаһар басшыларының мақтау естімесі анық.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!