{metadescription}
Астана маңындағы ауылға су кірмес үшін әкімдік тас жолды талқандап тастады
Астана маңындағы ауылға су кірмес үшін әкімдік тас жолды талқандап тастады

Астана маңындағы ауылға су кірмес үшін әкімдік тас жолды талқандап тастады

Астана маңын су басу қаупі әлі бар. Тасқын іргедегі Тайтөбе ауылына жеткен. Ырыққа көнбеген ағынды ағызып жіберу үшін жалғыз тас жолды да талқандауға тура келді.

Арнасынан асып жатқан - Нұра өзені. Қатер туралы адамдарға алдын-ала ескертілген екен. Тайтөбеге қарай арқырап аққан суды шипажайға апаратын жол сақтап қалыпты. Өйткені жергілікті әкімдік трассаны бұзып, суды әрі қарай ағызып жіберді. Енді тас-талқаны шыққан жолды бюджет есебінен қайта төсейтін болады. Осы қадам арқылы шенеуніктер ондаған үй мен бірнеше ауылды тасқыннан аман алып қалдық деп отыр. 

Дінмұхаммед Қалиев, Қосшы ауылдық округінің әкімі:   

-Қиратылған жолдың орнына көпір саламыз. Жобамыз іске асса, келесі жолы су келгенде жолды ашып, әуре-сарсаңға түспес едік. Қазір бюджеттен ақша сұрау үшін тиісті құжаттарды дайындап жатырмыз. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

07 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.