{metadescription}
Шымкентте жылдамдық асырған сәтін  мақтанып видеоға түсірген жүргізушіге іздеу жарияланды
Шымкентте жылдамдық асырған сәтін  мақтанып видеоға түсірген жүргізушіге іздеу жарияланды

Шымкентте жылдамдық асырған сәтін мақтанып видеоға түсірген жүргізушіге іздеу жарияланды

Мақтанам деп ажал құша жаздады. Оңтүстік Қазақстанда  жылдамдықты 240 километрге дейін асырған жігіттердің қымбат көлігі аударылып, өздері өлім аузынан қалды. Салонда болған азаматтар соңғы үлгідегі «Мерседестің» желдей ескен сәтін видеоға түсіріп әлеуметтік желіге салып жіберген.

Темір тұлпарының жылдамдығына марқайған жігіттер алдында кетіп бара жатқан өзге Мерседестен озбақ болып, жылдамдықты үдеткен сәтте доңғалағы жарылып кеткен. Бірнеше мәрте аударылған қымбат көліктің сау-тамтығы жоқ. Алайда, қауіпсіздік жастықшаларының арқасында оның ішіндегілер аман қалыпты. Полицейлер көлік иесін іздестіруде. Табылған жағдайда тізгініндегі азамат әкімшілік жазаға тартылатын болады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде